Дүниежүзілік ірі инвестициялық институттар Қазақстан үкіметінің экономикалық саясатын жоғары бағалайды - «J.P.Morgan Europa»

бүгін Алматыда президенттің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 15-жалпы мәжілісінде мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Р.Ренвиктің айтуынша, Қазақстанның “Қазақмыс” компаниясының жуырда Лондон қор биржасына өз акцияларын шығаруы осы елдің ауқымды әлеуетке ие екенін көрсетті. Дүниежүзілік ірі инвестициялық институттар Қазақстан үкіметінің экономикалық саясатын жоғары бағалайды, деді ол.

“Қазақстандық ірі корпорацияларға республика үкіметі тарапынан ашықтық пен жариялылықты арттыру тұрғысында көрсетіліп отырған қолдауды біз өте жоғары бағалаймыз. Біздіңше, компанияларлың ашық нарыққа шығуы корпоративтік қылмыстармен күрестегі аса ықпалды шара болумен бірге, тиімді басқару тәсілдерін ынталандыруға және қаржыны дамуға бағыттауға септігін тигізеді”.

«J.P.Morgan Europa» компаниясы төрағасының орынбасарының айтуынша, “Қазақстан дамудың айрықша қолайлы кезеңіне көшкен қазіргі сәтте ашық нарықты пайдалана отырып ірі компаниялардың есептілігі мен ашықтығын арттыруға , ауқымды инвестицияларды тартуға мүмкіндігі бар”.

Алайда, Р.Ренвиктің айтуынша, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық мөлшері аса шектеулі. Бұл нарықтағы ликвидтіліктің төмендігіне байланысты. “Жаңа инвесторлар нарыққа шығарылған акциялардың тапшылығын сезінуде. Соның салдарынан ішкі жинақтар бұрынғыдай жылжымайтын мүлік нарығы мен қысқа мерзімді капитал нарығына бағытталуда. Қазақстан қор биржасында айналатын капитал көлемі 33 млрд. долларға бағалануда”,- деді ол. Лондон қор биржасы Қазақстан қор биржасымен арадағы ынтымақтастықты дамытудан, оны дамытуға қолдау көрсетуден мүдделі, деді ол.