Есепке сәйкес, мұнай өнімдеріне деген жаһандық сұраныс биылғы жылы орта есеппен күніне 86,6 млн баррельге дейін өседі деп күтіліп отыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүшелікке кірмеген бірнеше елдегі баға субсидиясы қысқартылғаннан кейін аталмыш көрсеткіш оның алдындағы айдан 80 мың баррельге төмен болып шыққан.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, мамыр айында ОПЕК елдерінің шикі мұнай жеткізу көлемі орта есеппен күніне 32,3 млн баррельді құраған және ол күнінен 395 мың баррельге артық. Ол Сауд Аравиясы, Нигерия, Ангола мен Иракта шикізат өндіру көлемінің артуының арқасында іске асқан. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі мұнай қоры 8,1 млн баррельден 2,562 млн баррельге дейін азайған.