Қорғасын және мырыш нарықтарын зерттеу жөніндегі Халықаралық топтың (ILZSG) мәліметтеріне сүйенсек, 2008 жылдың қаңтар-сәуір айларында дүниежүзіндегі мырыш өндірісі былтырғы осындай мезгілмен салыстырғанда 1,5 пайызға артса, мырышты кеннен айырып алудың дүниежүзілік өндірісі 9,2 пайызға ұлғайған.
ILZSG 2008 жылы дүниежүзіндегі мырышты тұтыну көлемі 5,2 пайызға, ал осы металлдың өндірілуі 10,4 пайызға артады деп есептеп отыр. ILZSG болжамына сүйенсек, сұраныс Еуропа мен АҚШ-та артатын болады.