Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,03-0,79 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы 0,79 процентке арзандап, әр барреліне 28,97 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,03 процентке арзандап, 31 доллар 27 центті құрады.