Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,10-0,21 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының желтоқсандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,99 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының желтоқсандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,10 процентке қымбаттап 30 доллар 88 центті құрады.