Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,11-0,35 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қазандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 27,24 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қазандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,35 процентке арзандап 28 доллар 88 центті құрады.