Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,11-0,67 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздық фьючерсінің бағамы 0,11 процентке арзандап, әр барреліне 28,28 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының 2003-жылдың тамыз айындағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,67 процентке арзандап, 30 доллар 39 центті құрады.