Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,28 -0,58 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,85 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны 0,58 процентке қымбаттап, әрбір баррельге шаққанда 31 доллар 06 центке жетті.