Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,30-0,35 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,78 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,35 проценке қымбаттап 31 доллар 95 центке жетті.