Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,36-0,43 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,10 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,43 проценке қымбаттап 30 доллар 24 центке жетті.