Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,42-0,46 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,40 долларға дейін кеміді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,46 проценке арзандап 30 доллар 54 центті құрады.