Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,65-0,79 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы 0,79 процентке арзандап, әр барреліне шаққанда 30,02 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,65 процентке арзандап 32 доллар 18 центке дейін төмендеді.