Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,68-0,78 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының желтоқсандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,36 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының желтоқсандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,78 процентке арзандап 31 доллар 61 центті құрады.