Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,69-1,04 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қаңтардағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,14 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының 2004-жылғы қаңтардағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,04 процентке қымбаттап 31 доллар 10 центті құрады.