Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,71-1,21 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,20 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 31 доллар 28 центке дейін қымбаттады.