Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,75-0,85 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қараша айындағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 26,84 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қараша айындағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,85 процентке қымбаттап 28 доллар 40 центті құрады.