Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,79-1,06 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы 0,79 процентке арзандап, әр барреліне 27,98 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,06 процент арзандап, 30 доллар 15 центті құрады.