Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,86-0,93 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қазандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,45 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қазандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 0,93 проценке қымбаттап 31 доллар 50 центті құрады.