Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,87-1,25 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қарашадағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,38 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қарашадағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,25 процентке арзандап 29 доллар 92 центті құрады.