Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,89-1,21 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздық фьючерсінің бағамы 0,89 процентке қымбаттап, әр барреліне 27,30 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының 2003-жылдың тамыз айындағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,21 процентке қымбаттап, 29 доллар 36 центті құрады.