Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,08-2,20 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының желтоқсандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,78 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының желтоқсандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,08 процентке арзандап 32 доллар 92 центті құрады.