Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,19-1,32 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қарашадағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,29 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қарашадағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,32 процентке арзандап 29 доллар 92 центті құрады.