Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,19-1,37 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының ақпандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 31,78 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының 2004-жылғы ақпандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,19 процентке қымбаттап 34 доллар 72 центті құрады.