Жұма күні Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының шілделік фьючерсінің бағамы 1,40 процентке арзандап, әр барреліне 27,46 долларды құрады.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының шілделік фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,85 процент арзандап, 30 доллар 82 центті құрады.