Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,46-1,49 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,52 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,46 проценке қымбаттап 30 доллар 68 центке жетті.