Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,47-1,53 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қарашадағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,29 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қарашадағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,53 процентке қымбаттап 29 доллар 84 центті құрады.