Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,54-1,80 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы 1,54 процентке арзандап, әр барреліне 28,70 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,80 процент арзандап, 31 доллар 05 центті құрады.