Caravan Logo

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,56-1,88 процентке қымбаттады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,56-1,88 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қарашадағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,73 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қарашадағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,88 процентке қымбаттап 30 доллар 40 центті құрады.