Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,58-1,70 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қаңтардағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,74 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қаңтардағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,70 процентке арзандап 30 доллар 73 центті құрады.