Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,62-1,73 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қазандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 27,27 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қазандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,73 процентке арзандап 28 доллар 98 центті құрады.