Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,69-1,95 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының желтоқсандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,93 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының желтоқсандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,95 процентке қымбаттап 30 доллар 85 центті құрады.