Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,95-2,32 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қазандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,20 долларға дейін кеміді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қазандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 2,32 проценке арзандап 31 доллар 21 центті құрады.