Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,05-2,34 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының ақпандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 30,08 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының ақпандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 2,05 процентке арзандап 33 доллар 02 центті құрады.