Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,66-3,10 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қарашадағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 30,90 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қарашадағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 3,10 процентке қымбаттап 31 доллар 97 центті құрады.