Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 2,73-3,59 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қарашадағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,02 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қарашадағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 2,73 процентке арзандап 30 доллар 68 центті құрады.