Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 3,48-3,59 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының ақпандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,00 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының ақпандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 3,48 процентке арзандап 31 доллар 87 центті құрады.