Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 4,03-4,77 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қарашадағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 30,10 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қарашадағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 4,03 процентке қымбаттап 31 доллар 01 центті құрады.