Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 4,78-4,88 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының желтоқсандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 30,45 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының желтоқсандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 4,88 процентке қымбаттап 33 доллар 28 центті құрады.