Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 5,53-5,80 процентке қымбаттады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қыркүйектегі фьючерсінің бағамы әр барреліне 29,97 долларға дейін көтерілді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қыркүйектегі фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 5,80 проценке қымбаттап 32 доллар 31 центке жетті.