Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 5,85-6,84 процентке арзандады

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қазандағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 27,52 долларға дейін арзандады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қазандағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 6,84 процентке арзандап 29 доллар 41 центті құрады.