Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы өткізілмек



деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Конференция жұмысына Ресей, АҚШ, Жапония, Аргентина, Германия, Ұлыбритания, Израиль, Швеция, Швейцария, Үндістан елдерінің жетекші нейрохирургтары қатысады.

Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының халықаралық конференциясы - қазақстандық нейрохирургтар үшін аса маңызды оқиға. Бұл форум шетелдік және отандық нейрохирургтар үшін пікірталас алаңы болып, дүниежүзіндегі нейрохирургтардың өзара қарым-қатынасы шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жасалып жатқан бұл шара Қазақстандағы және барлық Орталық Азия өңіріндегі нейрохирургияны дамытуға жаңа серпін беруі тиіс.