Дүниежүзілік қауымдастық өкілдерінің Қазақстан туралы пікір-көзқарастарының жинағы жарық көрді



Жинаққа шетел лидерлерінің, беделді саясаткерлердің, ғалымдардың, кәсіпкерлер мен журналистердің Қазақстан қол жеткізген жетістіктерді мойындайтынын ашық айғақтайтын пікір-пайымдары енгізілген,- деді "Атамекен" одағының атқарушы директоры Серік Ахметов. Бұл - танымал адамдардың түрліше пікірлері бар, еліміз туралы қызғылықты әрі даулы материалдар жинақталған тұңғыш кең көлемді жинақ. Бірақ олардың бәрі де тәуелсіз Қазақстанның табыстарын ашық мойындау арқылы бір арнаға тоғысады, деді С.Ахметов.
Кітапта Қазақстанның кейінгі 5 жылдағы даму тарихын қамтиды. Кітапты құрастырушылардың пікірінше, жинақта келтірілген осы оқиғалардың шежіресі болашақ ұрпаққа Қазақстан жүріп өткен жолдың ауқымы туралы тұжырым жасауға көмек болмақ.
Кітапты құрастыруға ғалымдар, журналистер мен қоғам қайраткерлері атсалысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті