Дүниежүзілік саяхатқа шыққан Solar Impulse 2 ұшағы Қытайдың Нанкин қаласына қонды


Дүниежүзілік саяхатқа шыққан ұшақ бұл жерге Қытайдың Чунцин қаласынан келген болатын.
Саяхаттың жетінші сатысында əуе кемесі Тынық мұхитты кесіп өтіп, Гаваи араларында аялдауы тиіс.
Ұшақ барлық 12 сатыдан өтіп болғаннан кейін Əбу-Дабиге оралады.
Solar Impulse 2 компаниясы ұзақ уақыт бойы бір тамшы жанармай пайдаланбай, күннің энергиясымен ұшатын тұңғыш лайнерді жасап шығарған болатын. Аккумуляторды батареяларға жиналған энергияны пайдаланатын ұшақ күндіз жоғары биіктікке көтеріледі.