Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы: қыздар құрамасы екінші мәрте жеңіске жетті

Мұның алдында Гватемаламен ойнап, 4-0 есебімен жеңген. Екінші раундта қазақ шахматшы қыздары 3-1 есебімен Бельгиядан басым түсті.

Бұл жеңісті Бибісара Асаубаева мен Назерке Нұрғали әкелді, ал Жансая Әбдімәлік пен Ксения Балабаева өз матчын тең аяқтады.

Ерлер құрамасы Тәжікстаннан жеңіліп қалды, есеп - 1,5-2,5. Командадағы жалғыз жеңіске Қазыбек Нөгербек қол жеткізді.


Арыстанбек Оразаев тең түсті, ал Әлішер Сүлейменов пен Мұртас Қажығалиев қарсыласынан ұтылды.