ТСМ баспасөз қызметі хабарлағанындай, Досмұхамбетов жасаған баяндамасында 2009 жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясының 18 сессиясын аймақтағы ауа райының өзгешелігіне байланысты тамыз айына ауыстыру жөнінде ұсынысын жеткізген. Ал негізі сессиялар қараша-желтоқсан айларында екі жылда бір рет өткізіледі.
Алайда, Еуропа елдеріндегі тамыз демалыстары мен мусылмандардың қыркүйекте өтетін қасиетті Рамазан айлары ескеріліп, Дүнижүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясының 18 сессиясын қазан айының бірінші он күндігінде өткізу белгіленді.
Қазақстанда өтетін туристік форум жұмысына әлемдегі 160 елдің туризм саласының мыңнан аса өкілі қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар, Астанада өтетін бұл шараның дайындығы мен өткізу жөніндегі жобасының келісім -шарты талқыланып, екі жақтың ұйымдастыру және техникалық жағдайлары да қарастырылды.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Колумбияның Картахена де Индиас қаласында 2007 жылдың қараша айында, біздің мемлекет алғаш рет Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамлеясының Атқару кеңесіне сайланып, Бас ассамблеясының шешімімен Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Т. Досмұхамбетов Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.