"Дүниежүзілік банк бизнес-ортасын жақсартуға күш салып отырған Қырғызстандағы жұмыстарының жемісті болатынына сенім танытып, республиканың болашағына оптимистік көзқараспен қарауда. Бұл бағыттағы Қырғызстан үкіметінің бастамасына ДБ және халықаралық басқа да донорлар қолдау көрсететін болады ", - деп мәлімдеді Қырғызстандағы ДБ тұрақты өкілі Роджер Робинсон премьер -министрі Игорь Чудиновпен өткен кездесуінде.
"ДБ "Бизнесті жүргізу" (Doing business) және халықаралық қаржы корпорациясының жобасы аясында құрылып жатқан арнайы жұмыс тобы Қырғызстанның инвестициялық рейтингі мәселесімен айналысатын болады " -деп хабарлады ірі жобаның жетекшісі Симеон Дьянков.
Ақпанның соңында болған Бішкек-Вашингтон-Алматы бейнеконференциясы кезінде болған диалог кезінде және Қырғызстан Республикасының премьер-министрі И. Чудиновтың ресми хатынан кейін ол Қырғызстанға келді деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
И. Чудинов атап өткеніндей, бұл жұмыс тобын құру жөніндегі үкіметтің бұйрық жобасы әзірленіп, оның құрамына негізгі министрліктер мен ведомстволар, донорлық ұйымдар мен Дүниежүзілік банк өкілдері кірді. С. Дьянковтың ұсынысымен жұмыс тобына жеке секторлардық өкілдері де кіретін болады.