Дүниежүзінде 16 жылда балалар өлімінің көрсеткіш деңгейі шамамен төрттен бірге қысқарды

Баяндамада келтірілген мәліметке сәйкес, қазір балалардың өлім көрсеткішінің деңгейі шекті көрсеткіштен жылына 10 млн-ға азайды. 2006 жылы бес жасқа дейінгі 9,7 млн бала қаза тапқан. Алайда, ЮНИСЕФ пікірінше, олардың басым бөлігін ұлттық денсаулық сақтау жүйелерін нығайту және мақсатты стратегиялардың жобасын жасау жолымен құтқаруға болар еді.

Бүгін Женевада баяндаманы таныстырған ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Анна Винниман қол жеткізгілген жетістіктерді атап өте келе дегенмен жылына 9,7 млн баладан айырылуға жол беруге болмайтындықтан, асығыс тоқмейілсуден алдын ала ескертті.

БҰҰ жаңалықтар орталығының хабарлауынша, жаңа баяндамада Қытайда соңғы 16 жылда балалар өлімінің деңгейі 47%-ға, ал Үндщістанда осы аралықта 34%-ға азайғанына баса назар аударылған. Бангладеш, Непал, Бутан, Боливия, Эритрея және Лаоста халықаралық қоғамдастық пен ұлттық биліктің күш-жігері балалар өлімін 1990 жылдан кейін 50%-ға азайтуға мүмкіндік берген. Тұтастай алғанда дүниежүзінде 16 жылда балалар өлімінің көрсеткіш деңгейі шамамен төрттен бірге қысқарды.

ЮНИСЕФ баяндамасы авторларының пайымдауынша, ұлттық стратегияларды нығайта алған жағдайда 2015 жылы балалар өлімінің деңгейін жылына 4 млн-ға дейін қысқартуға болады.

Бүгінгі таңда өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған елдерде 5 жасқа дейінгі 1000 баланың 6, Орталық және Шығыс Еуропа елдері мен ТМД аясында 1000 баланың 27-сі қайтыс болады. Африка құрлығының Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан елдерінде 5 жасқа дейінгі әрбір алтыншы бала өмірмен қош айтысады.