Дүниежүзінде 2030 жылы атом реакторларының саны 60%-ға өседі - Халықаралық атом энергиясы агенттігі

Бүгінгі жағдаймен дүниежүзінде 440 жуық атом электр станциясы жұмыс істейді. Олардың бәрі де әлемнің 30 елінде шоғырланған. 103 АЭС АҚШ-та, 59 -ы Францияда, 55-і - Жапонияда және 31-і Ресейде орналасқан. Қазір тағы да 30 реактор салынуда. Олардың басым бөлігі дамушы елдерде.

Атом электр станцияларының үлесіне әлемде өндірілетін электр қуатының 16% тиеді. Жекелеген елдерде бұл көрсеткіштер айрықша айырмашылықта: Францияда ядролық электр станцияларының үлесіне елде тұтынылатын барлық электро қуатының 78%, ал Қытайда - бар-жоғы 2% тиеді. Алайда, кейінгі уақытта энергетикалық тәуелділіктің күрт өсуіне байланысты Азия елдері жаңа қуат көздерін, соның ішінде жаңа АЭС салу мүмкіндіктерін қарастыруда.

Халықаралық атом энергиясы агенттігі өкілінің мәлімдеуінше, атом энергиясы - әлемдегі барлық елдердің таңдауы емес, бірақ, осы жолға жаңадан түскен елдер ядролық жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуына, ал ядролық материалдардың сенімді сақталуына қол жеткізуге тиіс.