деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
"Дүниежүзінің Қазақстанға ғана емес, тұтас алғанда Одаққа (ЕАЭО-ИФ-Қ) деген қызығушылығы артып отыр. Көптеген елдер біздің ортақ рыногымызға енгісі келеді, өйткені Еуразиялық экномикалық одақтың мүмкіндігі зор болып отыр», деді Е.Ыдырысов "Интерфакс-Қазақстанға" берген сұхбатында.
Ол атап өткендей, жалпы халқы 170 млн асатын және жиынтықты ІЖӨ 2 трлн долларды құрап отырған ЕАЭО әлемдегі ірі аймақтық интеграциялық бірлестік болуға тиіс.
"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы КО мүше елдермен бірігіп Еуропалық еркін сауда қауымдастығымен (Швейцария, Норвегия, Исландия және Лихтенштейн), Жаңа Зеландия, Вьетнам Социалистік Республикасымен" преференциалды келісімдер жасасу туралы келіссөздер жүргізіп отыр, деді ол.
"Сонымен қатар, Мысыр Араб республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасудың дұрыстығын зерттеуші бірлескен жұмыс тобы құрылды», деді министр.