СІМК отырысы барысында биылғы 28 тамызға жоспарланған ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшыларының кеңесін өткізу бойынша дайындық мәселелері, сонымен қатар әлемдегі жағдай дамуының негізгі тенденциялары, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту секілді өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылады.
ШЫҰ мүше-мемлекеттер сыртқы саяси ведомстволарының басшылары бірқатар шешімдерге қол қойып, СІМК қорытындылары бойынша ақпараттық жариялым қабылданады.
СІМК алдында, Душанбе қаласында 2008 жылдың 21-23 шілдесінде өтетін ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің ұлттық үйлестірушілердің отырысы барысында СІМК мен ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық жұмыстары қарастырылатын болады.